Accessibility links

Социал-демократ Альфред Гузенбауэр – Аустрияның жаңа канцлері болуға тиіс


ВЕНА: Ал кеше Аустрияда болып өткен парламент сайлауында оппозициядағы Социал-демократиялық партия жеңіске жетті. Бастапқы мәліметке қарағанда, социал-демократтар 35.5 пайыз дауыс жинап, қазіргі канцлер Вольфганг Шюссель бастаған Халық партиясынан 1.5 пайыз артық дауыс алды. Әсіре оңшыл Бостандық партиясы 11 пайыздан артық, ал “табиғат” партиясы – 10.5 пайыз дауыс алды. Социал-демократтардың лидері Альфред Гузенбауэр – Аустрияның жаңа канцлері болатын тәрізді.
XS
SM
MD
LG