Accessibility links

“Әскери қылмыскердің” бостандықта жүруі – Сербия үкіметінен жік шығарды


БЕЛГРАД: Ресми Белградтың “әскери қылмыстар істеді” деп айыпталғандарды ұстаудан бас тартуына наразылық ретінде серб партиясы үкімет құрамынан шықты және желтоқсан айының ортасынан кешіктірмей кезектен тыс сайлау өткізуді талап етті. Либералдық Г17 партиясының лидері әрі қаржы министрі Младиян Динкич Боснияның серб генералы Ратко Младичтің әлі күнге дейін бостандықта жүруіне байланысты өзі бастаған партияның үкімет құрамынан шығатынын мәлімдеді. Соның салдарынан өткен мамыр айында Брюссель Сербияны Еуроодаққа қабылдау мәселесі бойынша Белградпен арадағы келіссөзін тоқтатқан болатын.
XS
SM
MD
LG