МӘСКЕУ: Ресей президенті В.Путин Грузия билігін Иосиф Сталиннің Лаврентий Берия бастаған мемлекеттік қауіпсіздік министрлігіне теңеді. Өткен аптада Грузия үкіметінің “тыңшылықпен айналысты” деген айыппен 4 Ресей офицерін тұтқынға алуына байланысты ресми Мәскеу мен Тбилисидің арасы бұрын-соңды болмағандай суып кетті. Кеше Ресей телеарнасынан берілген сюжетте В.Путин орыс офицерлерін тұтқындау әрекетін “Лаврентий Берияның ізбасарлары” деп бағалады. Л.Берия – И.Сталиннің өзі сияқты грузин болатын.