Accessibility links

Ресейдің қауіпсіздік кеңесінің хатшысы И.Иванов Теһранда келіссөз өткізеді


БРЮССЕЛЬ: Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты шешуге берілген уақыт шектеулі. Кеше Еуропа Одағы басшылығының мүшесі Хавьер Солана осылай деп мәлімдеді. Х.Солана осы мәселе бойынша Иранның ресми өкілі Әли Лариджанимен телефон арқылы кеңесуін әрі қарай жалғастыру үстінде. Бүгін Лариджанимен келіссөз өткізу үшін Теһранға Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Игорь Иванов келуге тиіс. Кеше ресми Теһран уран шикізатын байыту бағдарламасын тоқтату туралы халықаралық қоғамның талабын орындамайтынын, бірақ келіссөзге әзір екенін тағы да мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG