БАҒДАД: Өткен тәулікте Ирақта кемінде 19 адам өлтіріліп, тағы 14 кісі ұрланды. Бағдад қаласында қорлықпен өлтірілген белгілері бар ондаған адамның мәйіттері табылды. Азық-түлік фабригінің жексенбі күні хабар-ошарсыз жоғалған 26 жұмысшысының кемінде 7-еуі өлтірілді. Олардың мәйіттері дүйсенбі күні аңғарылды. Ирақтың оңтүстігіндегі Басра қаласында британ әскерінің бірқатар нысаны минаатқыштан атқыланып, 1 британ жауынгері қаза болды. Миналардың бірі жақын орналасқан үйге түсіп, 2 сәби қыршын кетті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Журналист пен заңгердің күресі
Өзін-өзі ұсынған екі үміткер сайлаушылар дауысына қалай таласты?
AzattyqTV