Accessibility links

“Хамас” тобы мен ФАТХ қозғалысының өкілдері өзара тағы да қақтығысып қалды


РАМАЛЛА: Палестинадағы “Хамас” ұйымы мен ФАТХ қозғалысының арасында дүйсенбі күні болған қақтығыстың салдарынан кем дегенде 1 адам қаза тапты. Бұл қақтығыс кеше ФАТХ қозғалысын жақтайтын халықтың Әр-Рафах қаласындағы шеруі кезінде басталды. Оның қарсаңында ФАТХ қозғалысының лидері әрі Палестина автономиясының президенті М.Аббас пен “Хамас” ұйымы басшыларының бірі әрі автономия премьері Исмаил Хания азамат соғысына соқтыруы мүмкін осындай ішкі жанжалдарды доғаруға шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG