Accessibility links

Аптаның әлем ғалымдары ашқан ғылыми жаңалықтары


Ұзақ уақыт ішімдік ішкендердің цирроз - созылмалы бауыр дертіне шалдығатыны белгілі, ондай науқастар үшін жалғыз ғана үміт - бауыр алмастыру операциясын жасату, әрине донорлық бауыр табылған жағдайда. Ал мұндай сұранысты өтейтін сау бауыр жеткіліксіз, дәрігерлер де бауыр алмастыру операциясын науқастардың бәріне бірдей ұсына бермейді. Жақында британдық ғалымдар бауыр науқасына шалдыққан жандар үшін үміт сәулесін оятатындай өзгеше бір емдеу әдісін ойлап тапты.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне қарағанда, цирроз деген атпен мәлім бауыр ауруынан жер бетінде әр жыл сайын 1,4 миллион адам көз жұмады екен. Цирроз дертіне әдетте ішімдікке салынғандар мен гепатиттің С, В түрімен ауырғандар шалдығады. Цирроз ауруы емделмейді деп келген болатын.

Дегенмен де, Британияның Ньюкасл университетіндегі бауыр ауруын зерттейтін ғалымдар командасы бұл науқасты арзан әрі жеңіл жолмен емдеу әдісін тауыпты, ол сульфасалазин деген жаңа дәрі бауыр науқасына бірден бір ем көрінеді.

Осы ғалымдар тобының жетекшісі Дерек Мэн былай дейді:

- Сульфасалазин деп аталатын бұл дәрінің көмегі арқылы біз бауырдың бастапқы қалпына келу процесін жылдамдата аламыз.

Бұл дәрі бауыр ауруын 20-30 процентке дейін емдей алады, демек мұның өзі науқасқа ағзаны алмастыру операциясына дейінгі уақыттан ұтуға мүмкіндік береді дейді ғалым. Алайда, ішімдікке қатты берілген адам ішуін тоқтатпаса, ол бауырдың қайта ауруға шалдығуына себепкер болады деп атап көрсетеді ол.

Кез-келген адамға орташа көрінесіз деудің оған айтылған мадақтау емес екендігі айқын, бірақ ғалымдар мұның өзі де жақсы көрсеткіш деген қорытындыға келген сыңайлы.

Бірақ та зерттеушілердің бірнеше онжылдықтар бойына жүргізген зерттеулері орташа көрінеді деген адамның жүзі көп ретте өте жақсы болып келетіндігін анықтаған.

Жекелеген адамның суретінен гөрі ондаған адамның бет келбетін қосып алып қараған тәжірибелер осындай нәтижелер көрсеткен. Психологтар мұның эволюциялық уақыт басымдылығы екендігін айтады. Мәселен, ерлер орташа, қалыпты әйелдерді іздесе, оның себебі қалыпты белгілер әйелдің денсаулығының қандай болатындығынан хабар береді және ондай әйелдер ұрпақ әкелуге көбірек қабілетті болады деп есептейді.

Бірақ та Калрифорния университетінің психология профессоры Питер Ункилман бұған басқаша түсініктеме береді.

- Эволюция теориясы дегеніміз, егер сіз симметриялы, демек тепе-теңдікте болмасаңыз, әлде бірнәрсе дұрыс емес деген сөз. Ал біздің бұл идеядағы теориямыз симметриялық обьектіні мидың өңдеуі өте қарапайым, өйткені сіздің сол бөлігіңіз, тура оң бөлігіңіз тәрізді, сөйтіп ми да жұмыстың жартысын істейді.

Мәселен әдеттегідей екі қасы емес, бір ғана қасы болған адам миына қосымша жұмыс салмағын салар еді. Бірақ тым орташа болып көріну әдетте дұрыс емес, дейді Уинкелман.

Уинкелманның пікірінше, Голливуд жұлдызы Скарлетт Джонсонның барлық көрсеткіштері орташа, бірақ ол өзінше ерекше, өйткені оның бет келбеті өте келісті келген барлық жағынан таразыға салғандай тең келеді екен.

Орташа адамдар көп нәрсеге жауап іздеп басын қатырмаса, ғалымдардың жауап тапқысы келетін нәрсесі көп болады.

Мәселен, адамдар неге диета ұстайды, ал жәндіктер ұстамайды деген сауал да оларды толғандырады екен.

Зоологтар мен энтомологтардың халықаралық командасы бұл жұмбақтың жауабын тапқан тәрізді және олар өз жаңалықтары адамдардың семіздікпен күресіне көмектеседі деп ойлайды.

Ғалымдар көбелектер мен құрттардың бір тобын алып, көміртегі жоғары ортаға қойған, сосын ол жәндіктерді картоп, нан, печенье тәрізді жоғары калориялы тағамдармен қоршаған, Адамдар мұндай ортада салмақ қосып, толыса түсер еді, құрттар олай етпеген. Американдық энтомолог ғалым Спенсер Бемер былай деп түсіндіреді:

- Біздің күткеніміз мұндай жоғары калориялы ортада жәндіктер тола түсер еді, алайда олай болмады, олар ұзақ уақыт бойына онда болғанда дене майын аз бөлген.

Оның орнына уақыт өткен сайын жәндіктердің метаболизмі өзгерген. Сегіз ұрпақтан кейін олар артық көміртегін оны майға айналдырмай жейтін болған. Сөйтіп, құрттардың сегізінші ұрпағында майдың құрамы азайған.

Мұның адамдарға да қатысы бар екендігі бірқатар себептерге байланысты, деген ғалым Бемер, демек адамдар да уақытқа байланысты тағамдық ортаға икемделе алады деп атап көрсетеді.
XS
SM
MD
LG