Accessibility links

Түркия ұшағындағы барлық адам босатылды


Түркия жолаушы ұшағында адамдарды кепілдікке алу оқиғасы соңына жетті, барлық 107 жолаушы және алты экипаж мүшесі аман-есен босатылды. Ұшақты басып алған Түркия азаматы Италияның Бриндиси қаласының әуежайында қысқа келіссөзден кейін полицияға берілді. Ұшақ Албаниядан Түркияға бара жатқан. Түркия және Италия ресми өкілдері ұшақты басып алған азамат христиан дініне өткен азамат екен, ол Түркияда әскер қызметіне барғысы келмей, Рим Папасы Бенекдиттен пана іздемек болған дейді.
XS
SM
MD
LG