Accessibility links

БҰҰ Бас Хатшысынан үміткер Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Бан Ки Мун басым дауыспен алда келеді


Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Бан Ки Мунның келесі БҰҰ Бас хатшысы болу мүмкіндігі ұлғайып отыр. Дүйсенбі күні Қауіпсіздік Кеңесіндегі бейресми дауыс берулерде оның кандидатурасын Кеңестің 15 мүшесінің 14-і қолдап дауыс берді, олардың қатарында Қауіпсіздік Кеңесінің вето қою құқы бар тұрақты мүшелері Қытай, Франция, Ресей, Ұлыбритания және Құрама Штаттар бар. Енді соңғы таңдау қазанның 9-ында Қауіпсіздік Кеңесінде болатын ресми дауыс берулерде жасалады. Бірақ, оның бәрі мықты қолдауға ие болып отырған Бан Ки Мун тұрғысында формалды жағдай деп есептейді.

БҰҰ-ның Жарғысы бойынша, Қауіпсіздік Кеңесі Бас хатшыға кандидатты Бас Ассамблеяға ұсынып, одан кейін олар оны мақұлдайды немесе одан бірауыздан бас тартады. Бірақ, БҰҰ-ның 61 жылдық тарихында Қауіпсіздік Кеңесі ұсынған кандидатты Ассамблея ылғи да мақұлдап келген.

1996 жылдан бері БҰҰ-ның басшылығында отырған қазіргі Бас хатшы Кофи Аннанның осы жылдың соңында белгіленген мерзімі аяқталады. Қауіпсіздік Кеңесі ауыспалы кезең үшін жеткілікті уақыт беру үшін оған жаңа кандидатты таңдауды қазан айының басында таңдағанды жөн көрген. Дүйсенбі күнгі дауыс беру шілде айынан бергі төртінші дауысқа салу болды, бірақ бұл жолғы дауыс берулер кеңестің тұрақты мүшелерінің түрлі-түсті қағазбен дауыс беруімен ерекшеленді. Олардың бәрі Бан Ки Мунды қолдап дауыс берді. Бұл процестерден кейін Қытайдың БҰҰ-ындағы елшісі Қауіпсіздік Кеңесінің таңдауы айқын болды деген:

“Бүгіннен бастап қоғамдық пікірдің таңдаулы сауалнамасы айқындай түскендей, министр Бан Ки Мун Қауіпсіздік Кеңесінің Бас Ассамблеяға ұсынатын кандидаты”.

Сол сияқты БҰҰ-ындағы Жапония елшісі әрі Қауіпсіздік Кеңесінің қазан айы барысындағы президенті Кензо Ошима, енді бейресми дауыс берулер болмайтынын айтты.

“Менің ойымша, бүгінгі дауыс берулердің негізінде Қауіпсіздік Кеңесі формалды жағдайда дауыс беруге дайын”

Алдыңғы дауыс берулерде БҰҰ бас хатшылығынан екі үміткер Үндістандық Шаши Тарур мен Латвияның президенті Вайра Вике Фрейберганы қолдаушылар біраз болған еді, дүйсенбі күнгі дауысқа салуда олардың мүмкіндігі шектелді.

Ол дауыс берулерден соң бірден, Шаши Тарур өзінің жарыстан шығатынын айтып, енді Бан Ки Мунның келесі Бас Хатшы болатыны анық болып отыр деген.

62 жасар Бан Ки Мун басынан бастап, 7 кандидаттың алдында тұрған. Ол өзінің бакалаврлық білімін 1970 жылы Сеулдың Ұлттық Университетінен алған. Қоғамдық әкімшілік бойынша Магистрлық білімін 1985 жылы Гарвард Университетінде шыңдаған. Оңтүстік Кореялық кандидат Қытай, Британия, және Құрама Штаттардың мықты қолдауына ие болып отыр. Бұл тұрғыда БҰҰ-ындағы АҚШ елшісі Джон Болтон өзінің қолдауын былай жеткізді:

“Біз сыртқы істер министрі Банды қатты қошаметтейміз. Біз оны осы жердегі және Уашингтондағы қызметінен жақсы білеміз. Және біз оны кәсіби және адами тұрғысынан жоғары бағалаймыз”.

Бейресми дауыс берулер шектелмейді, кеңес мүшелері өз ұстанымдарын қазір немесе өздерінің ұсынысы барысында өзгерте алады.

Бұл мәселеде БҰҰ-ның келесі Бас хатшысы Азиядан болуы керек деген ортақ пікір ұстанымы болған еді, енді міне оүтүстік Кореялық Бан Ки Мун Бас Ассамблеяның мақұлдауына ұсынған Қауіпсіздік Кеңесінің таңдауы болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG