Accessibility links

Бүгін Ресей парламенті Тбилисидің саясатын айыптайтын мәлімдеме жасайды деп күтілуде


Президент Владимир Путин ешбір мемлекетке Ресейге қарсы “арандату немесе бопсалау тілін” қолдануға рұқсат берілмеуі тиіс деп мәлімдеді. Путин заңшығарушылармен бірге өткен аптада Грузияда тыңшылықпен айналысты деген айыппен қамауға алынған 4 ресейлік сарбаздың жағдайын талқылады. Бүгін Парламенттің төменгі палатасы Тбилисидің саясатын айыптайтын мәлімдеме жасайды деп күтілуде. Ресей үкіметі Грузиямен арадағы барлық көлік және пошта байланысын тоқтатып тұр, ал полиция болса Грузияға қатысты рузияға қатысты бизнестер мен Ресейде тұратын грузиндерді тексеріп жатыр.
XS
SM
MD
LG