МОНТЕРРЕЙ: Мексиканың Монтеррей қаласындағы халықаралық форумда ғаламдық ауа райының жылынуы салдарының қатеріне деген жаңа алаңдаушылық айтылып жатыр. Бұл конференцияға энергетика және қоршаған ортаны қорғау министрлері қатысып отыр. Сарапшылардың мәліметтері бойынша, атмосфераға жайылатын көмір қышқыл газдың мөлшері бүгінгі деңгейінде қалғанның өзінде де, 30 жылдан кейін адамзатқа үнемі зор су тасқындары, жойқын дауыл желдер және теңіз жағалауларының тез эрозияға ұшырауы сынды апаттар төнетін болады.