КАБУЛ: Бүгін НАТО одағы Ауғанстандағы қауіпсіздік үшін бар жауапкершілікті өз мойнына алды, оның ішінде Ауғанстанның шығысына шоғырланған 12 мыңдық АҚШ әскері де одақтың басқаруына көшті. Енді НАТО-ның жауапкершілігіне қарайтын халықаралық қауіпсіздік күштерінің бас қолбасшысы, британ генералы Дэвид Ричардстың қарамағында 33 мыңнан асатын әскер бар. Ауғанстанда лаңкестікке қарсы күрескен шамамен 8 мыңдық АҚШ әскері Пентагонның басқаруында қалады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты