БІШКЕК: Бүгін Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев Бішкекке сапармен келген Ресейдің қорғаныс министрі С.Ивановты қабылдады. Ресми Бішкектің хабарлауынша, президент Бәкиев Ресеймен арадағы әскери ынтымақтастықты және осы аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайтудағы Мәскеудің “рөлін” жоғары бағалады. Кезінде Қ.Бәкиев Кремльден Қырғызстанның әскери өнеркәсіп саласын қалпына келтіруге көмек беруін өтінген-ді. Көп ұзамай С.Иванов лаңкестікке қарсы қырғыз-орыс бірлескен әскери жаттығуын көру үшін Ош облысына бет бұрды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі