Accessibility links

“Әл-Қаида” ұйымының Ирақтағы лидері Әл-Масридің көзі жойылған тәрізді


БАҒДАД: Ирақтан келіп түскен хабарға қарағанда, “Әл-Қаида” ұйымының Ирақтағы көсемі Әбу Аюб Әл-Масридің көзі жойылды. Арабтардың Әл-Джазира телеарнасы оның ешқандай жай-жапсарын хабарламады және оның қазасын растайтын басқа ешқандай хабар да жоқ. Өткен жексенбі күні Ирақтың Ұлттық қауіпсіздігі бойынша кеңесшісі Муаффақ Әр-Рубаи қауіпсіздік күштері Әл-Масриді не тірідей, не өлідей қолға түсіруге жақын тұр деп мәлімдеген болатын. Әл-Масри - өткен маусым айында қаза тапқан Әбу Мұсаб Әз-Зауахридің орнын басқан еді.
XS
SM
MD
LG