Accessibility links

"Шекарасыз репортерлар" ұйымы БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесін сынады


"Шекарасыз репортерлар" ұйымы "Хьюман райтс уотч" адам құқықтарын қорғау ұйымының Өзбекстанға қатысты сынына қосылды. "Хьюман райтс уотч" ұйымы Бірікккен Ұлттар Ұймының Адам құқықтары бойынша кеңесі Әндіжан қырғынына байланысты Өзбекстан үкіметіне сөгіс айта алмады деп мәлімдеген. Кеңес дүйсенбі күні Әндіжан мәселесін талқылауын қоғамдық тыңдауда емес, жабық есік жағдайында жалғастыруды бұйырды. Парижде орналасқан "Шекарасыз репортерлар" баспасөз бостандығын қорғау ұйымы Әндіжан қырғынан кейін Орталық Азияда сөз бостандығы күрт шектелді деп көрсетіп отыр.
XS
SM
MD
LG