Accessibility links

Қазақстандық байланыс операторына «ҚазСат» жасанды жер серігі қашан қосылады?


Құны 65 миллион долларға түскен қазақстандық жер серігінің көптеген проблемалары бар деген ақпарат пайда болды. Ғарышқа ұшырылған «ҚазСат» атты жасанды жер серігіне қазан айынан бастап Қазақстандағы байланыс операторлары қосылуға тиіс болған. Бірақ бұл кешіктіріліп жатыр. Жалпы құны 65 миллион долларға түскен жер серігінің көптеген проблемалары бар деген ақпарат пайда болды. Бұл туралы Астанада қазанның 6 күні ғарыш мәселесіне арналған жиыннан кейін Москавадағы қашықтықтағы зонд жүйелерін жасау кәсіпорнының өкілі Рахим Нұғманов хабарлады. Ал, Қазақстан үкіметінің өкілдері еш қиыншылық жоқ деп отыр.

Бұған дейін «ҚазСат» жасанды жер серігі 10-12 жыл қызмет етіп, жұмсалған қаражатты 3 жылда өтейді, деген болжам жасалған. Ғарыштық байланыс орталығынының вице-президенті Ғабдуллатиф Мырзақұловтың айтуынша, қазақстандық тұңғыш жер серігінің іске қосылуы республика үшін үлкен жетістік болмақ:

- Қазақстан территориясында кем дегенде 36 арналық телевизиондық хабарлар тарайтын болады. Бүкіл Қазақстанның түпкір-түпкіріне байланыс баратын болады.

«Қазсат» елге арзан әрі сапалы байланыс телеарналар және интернет беруге тиіс болған. Ұшырмас бұрын серікке осындай жарнама жасалған болатын. Өйткені қазір елдегі интернет бағасы тым қымбат деген пікір бар. Ионосфера институтының директоры Виктор Дробжевтың сөзіне қарағанда, байланыста қымбат, өйткені қазақстандық операторлар «К-мобайл», «К-сел» желілеріне басқа жер серіктерін пайдаланғаны үшін, жыл сайын шамамен 30-40 миллион доллар төлеуге мәжбүр. Өйткені «Кателко» мен «Қазтелеком» сияқты компаниялар жергілікті серік жоқ болғандықтан Ресей және шет елдік жер серіктерінің қызметін пайдаланады, дейді ол.

Ал, Қазақстан үкіметі өкілдерінің пікірінше, «ҚазСат» Орталық Азия, Қапқаз, Молдова, Украина тіпті Мәскеу облысында қамти алады. Бастысы, қазақстандық жасанды жер серігінің көмегімен жасалатын байланыс, қазіргі операторлардың қызметтерімен салыстырғанда сәл арзанырақ болады, және бұл қаржы елдің ішінде қалады, дейді мамандар. Ал, Мәскеудегі қашықтықтағы зонд жүйелерін жасау кәсіпорнының өкілі Рахим Нұғмановтың айтуынша «Қазсаттың» қызметін өзге мемлекеттер пайдалану үшін серік сәулелерніің күші жетпейі. Ұялы телефон қызметін пайдалану үшінде «Қазсат» емес төмеңгі орбитада ұшатын серіктер керек. Нұғмановтың айтуынша «Қазсаттың» бұдан басқада проблемалы көп:

- Жер серігінің тұратын жері шығыс ширегінің 96 градусында еді ал қазіргісі 103 сол себепті сәуле қуаты әлсіз болуы мүмкін.

Ал, Қазақстаның ғылым және білім министрі Бірғаным Әйтімованың айтуынша «Қазсат» бойынша қиыншылықтар жоқ, бірақ екінші серіктің талаптарын жоғарлату керек, дейді ол:

- Қазіргі кезде ешқандай қиыншылықтар жоқ сол себепті екінші «Қазсаттың» параметрлерін біріншісіне қарағанда жоғарлатамыз.

Ал, Ионосфера институтының директоры Виктор Дробжевтың сөзіне қарағанда, екінші «Қазсатты» ұшыру әдейі жоспарланған, егерде біріншісі істен шығатын болса екіншісі іске қосылады, дейді ол, өйткені оператор болып отырған компаниялар шығынға батып қалуы мүмкін себебі жаңа серікке көшуге уақыт керек сондықтан кем дегенде екі серік керек, дейді ол.

Мәскеудегі қашықтықтағы зонд жүйелерін жасау кәсіпорнының өкілі Рахим Нұғмановтың айтуынша Қазақстандағы бюрократия кесірінен «Қазсат» серігімен жерден жұмыс істейтін маман оқытуда қиыншылықтар байқалады, өйткені жергілікті шенеуніктер қысқа жолдың орнына ұзын бағытты таңдайды, дейді ол:

- «Қазғарыштың» бастықтарымен келісіп Мәскеуде оқытатын болдық арнайы балаларды олар қысқа жолды таңдамайды, қанша тырыссамда Қазақстанның білім министрлігі бірінші Ресейдің министрлігіне хабарласу керек олар «Роскосмосқа» жіберу керек олар біздің кәсіпорынға керу керек, былайша айтқанда толық жүйе.

Ал, Қазақстанның Ғарыштық зерттеулер институтының дирекеторы Бағдат Сүйменбаевтың айтуынша жер серігін шығаруда да маман оқытудада қиыншылық жоқ:

- Онша қорқынышты емесқой, жер серігі керек болса сатып аламыз, ал маман керек болса қазір оқып жатырғой ресейде францияда америкада.

Ал, Қазақстаның ғылым және білім министрі Бірғаным Әйтімованың айтуынша уақыт өте келе Қазақстан ғарыштық державаларға айналады, қазір президент Назарбаевтың тапсырмасымен ғарышты 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы жасалып жатыр, деді ол.
XS
SM
MD
LG