Нұрболат Масановтың кенеттен қаза болуы Қазақстан жұртшылығын тағы да тітіркентіп тастады. Оның неден қаза болғаны туралы әртүрлі алып-қашпа әңгіме айтылғанымен, әзірге ресми ақпарат жоқ. Марқұм «Азаттық» радиосына соңғы сұхбатты «Ақсақалдардың қазақ қоғамындағы ролі» тақырыбына берген еді.
- Көшпенді қоғамда ешқашан маңызды шешімді жасының үлкендігіне қарап қабылдамайтын. Үлкенді сыйлау басқаша, бірақ саяси-экономикалық маңызды шешімдер қабылдау жас ерекшелігінен тыс категоря, сондықтан бұл мәселеде адамның сақалының ақтығына емес, біліктілігі мен біліміне, парасаттылығы мен пайымдылығына қарайтын, - деген болатын Н.Масанов.
Солай деп айтқан марқұм тіпті де ерте - 53 жасында дүниеден өтті. Қазақстан жұртшылығының көбі оның атын президенттің үлкен мінбелерден сынағанынан, не кейбір «әсіре ұлтшылдар» дегендердің ресми басылымдардағы мақалаларынан білсе керек. Дегенмен, Нұрболат Масанов кім еді? Дүниеден кім өтті? Біз осындай сауалды кезінде марқұммен қызметтес болған әріптестеріне қойдық.
«Әділетті Қазақстан үшін» қоғамдық қозғалысының бас хатшысы Әміржан Қосанов:
- Дүниеден үлкен ғалым өтті! Өйткені, қазақ саясаттануына, оның алдында қазақ этнографиясына Нұрболат Едігеұлының сіңіргені өте зор. Саясатқа келерден бұрын ол үлкен ғалым болып, мына көшпенділер фәлсафасына сол кездің өзінде дем берген азамат еді. Екіншіден – дүниеден үлкен патриот өтті! Өйткені, мына қазақты Абайдың өзі сынаған. Нұрболат та кезінде, бәлкім ащылау түрде, қазақтың бойындағы кейбір бойкүйездік, жалқаулық, енжарлықты сынаған. Әрине, оны біреу түсінді, ал кейбірі түсінбеді. Дүниеден үлкен саясаткер өтті! Өйткені, осыдан сегіз жыл бұрын Нұрболат Едігеұлымен біз бәріміз Әкежан Қажыгелдиннің қасында жүріп, Республикалық халық партиясын құрғанбыз. Нұрболат Едігеұлы соның құрылтайшыларының бірі болған және ол сол кездегі барлық демократтардың басын біріктірген «Қазақстан демократиялық күштер форумының» тең төрағасының бірі болды. Дүниеден қайталанбас тұлға өтті, өйткені, Нұрболатты ешкіммен шатастыру мүмкін емес еді! Оны біреулер жақсы көрді, біреулер жек көрді, біреулер – ұнатпады, біреулер – түсінбеді. Үлкен тұлғалардың жалпы басына, маңдайына жазылған тағдыр сондай болады деп ойлаймын.
Марқұм соңғы жылдары «саясаттан кеттім» деп, тек ғылыми жұмыспен айналысып жүретін. Дегенмен оның Қазақстан қоғамындағы саяси ой ағымдарының қандай арнасында танылған тұлға еді деген суалға Қосанов мырза былай дейді:
- Қазақстан саяси өміріндегі әртүлі ағымдарды, оңшыл, солшыл, центрист дегендерді алатын болсақ Нұрболат солардың бәріне де тікелей қатысы бар «демократия» деген, «адам құқығы» деген, «сөз бостандығы» деген, «саяси либерализм» деген жерден өз орнын ойып алды деп ойлаймын.
Алайда, оппозициялық бағыттағы көптеген басылым редакторы болған Ермұрат Бапи, марқұмды таза оппозициялық саясаткер деп бағаламайтынын айтады.
- Тоқсаныншы жылдардан бері қарай Масановты демократиялық оппозициялық көзқарастағы саясаткер деп атайтын. Негізінде оның көзқарасы таза оппозициялық емес. Ол - мына біздің қоғамдағы қоғамдық қатынастар демократиялық көзқарастағы қатынастар болмағандықтан, ал Масанов нақты демократиялық қатынастардың қоғамда орнығуына күш салып жүрген азамат болғандықтан, оны оппозиция тұрғысында бағалайтын. Негізінде ол таза демократиялық тұрғыдағы көзқарасты ұстанатын және ол осы қоғамда демократия болмағандықтан билікке өзінің демократиялық көзқарастарымен оппозициядағы жігіт болып саналатын, - дейді журналист Е.Бапи.
Ал Масановпен бірге саясаткерлікпен айналысқан Досым Сәтпаев және Андрей Чеботарев сынды мамандар «марқұмның саясаткерліктен гөрі ғалымдығы басым болған» дейді.
«Нұрболат саясатқа да ғалым ретінде араласып, өз ойлары мен тұжырымдарын ғылыми негіздейтін. Ол Қазақстан саясаттану ғылымының қалыптасып, көркейуіне ерен еңбегі сіңген азамат. Оның бұл дүниеден өтуімен Қазақстанның саясаттану әлемінде орны толмас үңірейген бос орын пайда болды. Қазақстанның саяси сарапшылар қауымы онсыз да азшылық, ал Масановтай ірі тұлғалардың кетуі Қазақстан тек сарапшылар қауымы үшін ғана емес, Қазақстан ғылымы үшін орны толмас оқиға» деген ой білдірді жас әріптестері.
- Оның соңы ғылыми жұмыс бағыты «Номадизм», яғни «Көшпенділік» тыныс-тіршілігі болатын. «Номад» институтына директор болып кетіп бара жатқан кезде маған айтып еді: «Ермұрат, қазір мен көшпенді қазақтың тарихына байланысты бір ғылыми еңбек бастадым, соны бірінші сенің газетіңе берейінші, содан кейін кітап қылып шығарып, мен өзімнің қазақты қандай жақсы көретінімді дәлелдейінші» деп айтқан сөзі әлі күнге дейін есімде. Сондықтан, қазақтың бір білімдар азаматы, елім-жерім деген азамат дүниеден өтті деп ойлаймын, - дейді Бапи.
Небары 53 жаста бақиға озған марқұмның артында бір ұл, екі қызы және бір немересі қалды. Марқұммен қоштасу рәсімі сенбі күні сағат10-нан 12-ге дейін Алматыдағы Жасөспірімдер театырында өтпекші.