Біріккен Ұлттар Ұйымының кезекті бас хатшысы боп Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Бан Ки-мун сайлануы мүмкін. Қауіпсіздік Кеңесінің президенті Кензо Ошима басқа кандидаттар додадан шығып қалды деп жариялады. Қауіпсіздік Кеңесі бас хатшылыққа кандидат ұсыну мәселесін дүйсенбі күні қарайды. Мәселені сосын Бас Ассамблея шешеді. Ұйымды он жыл басқарған қазіргі бас хатшы Кофи Аннанның өкілеттігі желтоқсан айында аяқталады.