Би-Би-Си-ге берген сұхбатында Саакашвили Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу туралы ұсыныс жасағанын мәлімдеді. Грузия тыңшылықпен айналысты деген айыппен төрт Ресей офицерін біраз уақытқа қамауға алған соң, Ресей Грузиямен арадағы көлік және пошта байланысын тоқтатып қойған болатын. Мәскеу, сондай-ақ, грузиндерге Ресейге кіру визасын бермей отыр.