РИГА: Латвияда өткен парламент сайлауында, бастапқы мәлімет бойынша, биліктегі коалиция жеңіске жетті. Премьер-министр Айгар Калвитистің “Халық партиясы” бастаған коалиция 45 пайызға жуық дауыс алды. Оппозициядағы “Жаңа уақыт” партиясы 16 пайыз, орыс тілділердің құқын қорғайтын “Келісім орталығы” партиясы 14 пайыздан артық дауыс жинады. Жалпы Латвия сейміне 7 партия өтті. Сайлаудың ресми қорытындысы бүгін жариялануға тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азиядан барғандар
Ресей түрмедегі мигранттарды Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп жіберіп жатыр
-
Сайлау және референдум
Молдова президенті кім болатыны екінші турда анықталады
-
Азаттық толқынында
Қоғамдық қозғалыстарды құптаған Жәнібековтің идеясы өзгерді ме?