Accessibility links

Түркия өзінің экономикалық жобаларына Францияны жібермей қоюы мүмкін


АНКАРА: Ресми Анкараның мәлімдеуінше, егер Франция Осман империясының армяндарды жаппай қырғаны туралы за жобасын мақұлдайтын болса, онда Түркияның экономикалық жобаларына оның қатысуына тыйым салынуы мүмкін. Бүгін Түркияның сыртқы істер министрі Абдулла Гүл Францияны осылай деп ескертті. Францұз парламенті әлгі заң жобасын алдағы аптада талқылауға тиіс. Жобада 1-інші дүниежүзілік соғыс кезінде армяндардың Осман империясы жүргізген “геноцид” саясатынан жапа шеккені мойындалады.
XS
SM
MD
LG