ГАВАНА: Куба президентінің інісі - Рауль Кастро - ағасы Фидель Кастроның денсаулығы оған жасалған операциядан кейін ойдағыдай түзеліп келеді деп мәілмдеді. Мұндай мәлімдеме “Бостандық аралының” 80 жастағы лидері өлім аузында жатыр деген хабарға жауап ретінде айтылып отыр. Өткен аптаның соңында АҚШ әкімшілігіндегі ақпарат көзіне сүйенген “Тайм” газеті Фидель Кастроның “еш емдеуге жатпайтын ісігі бар” деп хабарлаған болатын.