Accessibility links

В.Путин журналист әйелдің өлтірілуіне байланысты 2 күннен кейін ғана тіл қатты


МӘСКЕУ: Ресейдегі “Новая газета” басылымының тілшісі Анна Политковскаяның сенбі күні қастандықпен өлтірілуіне ел ішіндегі және халықаралық деңгейдегі наразылық өсіп барады. Бұл қылмыстың тиянақты тергелуін талап еткен Еуропа Одағына ағылшын премьер-министрі Т.Блэр де қосылды. Ал Германия “үрей туғызатын ахуалды” сейілтуге Ресей үкіметінің жауапты екенін атап көрсетті. А.Политковскаяның Чешенстандағы адам құқы туралы мақалаларын жариялап келген “Новая газета” оны өлтіргендерді тапқанға 25 млн. рубль сыйақы беретінін мәлімдеді. Бүгін АҚШ президентімен телефон арқылы тілдескенінде Ресей президенті В.Путин журналисті өлтірген қылмыскерлерді табу үшін үкімет қолдан келгеннің барлығын жасайды деп уәде берді.
XS
SM
MD
LG