Ресей президенті Владимир Путин билік орындары журналист Анна Политковскаяны өлтірген адамдарды табу үшін қолынан келгенше әрекет жасайды деп мәлімдеді. Бұл туралы Путин АҚШ президенті Джордж Бушпен телефон арқылы әңгімелескенінде айтқан. Белгілі журналист Анна Политковская Шешенстандағы соғысты қатты сынаған болатын. Оның мәйіті сенбі күні Мәскеу орталығында табылды. Журналист Политковская бүгін жерленеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
AzattyqTV