Ресми мәлімет бойынша Қазақстанның Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласындағы кеніште болған апаттан барлығы 41 адам қаза болды 53 адам жаралы. Оның ішінде 8 адам ауыр жарақат алған. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Шалбай Құлмахановтың айтуынша кеніште ауа желдеткішінің жұмысы уақытша тоқтатылған, соның кесірінен көп көлемде метан газы жиналған, оған қоса кенішке электр қуатын берген кезде ұшқын пайда болады, сол ұшқын метанның жарылысына әкеп соққан, дейді Құлмаханов.
Кеншілердің айтуынша кеніште жұмыс істеген құтқарушылар зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетпеген, соның кесірінен есінен танып қалған кеншілерге дер кезінде медициналық көмек көрсетілмегендіктен олар сол жерде қаза болған. Бұл туралы кеншілер кәсіподағының өкілі Виктор Зорин хабарлады. Кеншілердің айтуынша жарылыс қатты болғандығы соншалық жарылыс толқыны қаза болған кенші денелерін бір шақырым жерге лақтырып жіберген. Ал төтенше жағдайлар министрі Шалбай Құлмахановтың айтуынша құтқарушылардың нақты жұмысының арқасында кеншілер жер бетіне шығарылған, көбіне алғашқы медициналық көмек берілген.
Естеріңізге сала кетсек апат болғаннан кейін бірнеше күн өткен соң кеніштен тағы бірнеше кеншінің денесі табылған. Ресми мәлімет бойынша апат шығыны 501 миллион теңге, оның ішінде 361 миллионы әлеуметтік шығынға жатқызылған, ол қаза болғандарды жерлеу, жаралыларды емдеуге кететін қаражат. Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллиннің айтуынша кеншілер қаза болған әр отбасына Шахтинскідегі кеніш иесі "Миттал Стил Темиртау" кәсіпорыны еңбеккердің 10 жылдық еңбекақысын береді, бұл шамаман 6-10 миллион теңге, деді облыс әкімі Нығматуллин.
Оның сыртында жарақат алған кеншілерге әлемнің кез келген емханасынада емделуге қаражат беріледі. Ал бюджеттен кенші қаза болған отбастарына 100 мың теңге берілді және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбастарына жәрдемақы беріледі деп хабарланып отыр. Премьер Ахметовтың айтуынша үкімет және бірқатар мемлекеттік органдар еңбек қауіпсіздігін сақтауды шеттен бақылаған. Бұл қате, өйткені мемлекет азаматтың конституциялық құқығын сақтауы шарт, деді ол.
Естеріңізге сал кетсек, еңбек министрлігі апат болған кеніште еңбек қауіпсіздігі толық сақталмағандығын білгенбіз ескерту жасағанбыз, бірақ оны толық қадағалауға құқымыз жоқ, деген болатын. Кеншілер болса осы апаттан кейін Шахтинск қаласының көптеген проблемалары ашылды деп отыр. Кеншілер кәсіподағының өкілі Вячеслав Сидоровтың айтуынша Шахтинск қазір жартылай қираған, бұл қалаға бірнеше жыл бойы мүлде жылу берілмеген, дейді ол.
Ал апат болғансоң қалаға үкіметтен жылытуға деп 470 миллион теңге бөлінді. Қысқа уақыт ішінде 7 шақырым жол жөнделіп қалаға толық жарық берілу жұмысы жүргізіліп жатыр. Қаладағы қоғамдық көлік жандандырылып екі бала бақша жөнделе бастады, дейді облыс әкімі. Кеншілер болса осы жұмыс неге бұрын жасалмады деген пікірлерін білдірді. Кеншілер кәсіподағының өкілі Вячеслав Сидоровтың айтуынша бұған дейін ол Лондонға барып «Миттал Стил» компанияларының қожайыны Митталмен кездеспекші болған. «Бірақ ол мені уақытым жоқ деп қабылдамады, егерде сонда біз кеншілердің жағдайын жасқартатын келісімге қол қойсақ қайғылы жағдай болмас еді», дейді ол.
Кеншілердің айтуынша бұған дейін олар кеншілердің еңбекақысын көтеруді талап еткен, бірақ кеніш қожайындары қаражат жоқ деген мәлімдеме жасады. Ал, кеншілер бірнеше күн бойы кенішке түспей ереуілге шыққансоң кеніш қожайындары кеншілердің еңбекақысы 30 пайызға көтеріледі кенішке түсіңдер, деген мәлімдеме жасады.