Accessibility links

Әлемдік жылылану кесірінен тіптен Ресейдің мәңгі мұзы да ери бастады


Табиғат зерттеушілердің дерегіне қарағанда, мәңгілік тоң әлемнің талай аймағында кездеседі. Вечная мерзлота яғни мәңгілік тоң деген деген атау терминді 1920-жылдары орыс ғалымы Михаил Сумгин енгізген. Оның да себебі бар. Әлемдегі мәңгілік тоңның ең мол жері бұл Ресейдің шығыс-солтүстік аймағы. Ресми дерек бойынша Ресейдегі 10 млн. шаршы шақырым жер мәңгілік тоң қойнында жатыр екен. Бірақ енді ғалымдар сол мәңгілік тоңның тағдырына алаңдай бастаған.

АҚШтағы Калифорния-Лос Анжелас университетінің география саласы бойынша профессоры Ларри Смит өз әріптестерімен бірге 1970 және 2004-жылдарда Сібір аймағының жер серігі арқылы түсірілген табиғат көріністерін салыстырып көргенде аң-таң болған.

Ол сүреттерден мәлім болғанындай шашамен 34 жыл өткенде Сібірдегі жалпы көлдер көлемі 12 пайызға ұлғайа түскен.

- Ал енді жер астында тереңдей тоңған жердің ери бастаған кездегі бейнесін көз алдыңызға келтіріп көріңізші. Жер бүлкілдеп тұрғандай, дейді профессор Смит.

Оңтүстік Сібірде мәңглікі тоң сиректеу. Міне сол тоң ери бастаған кезде күлдің суы жерге сіңе береді, дейді американдық профессор.

Ал мұның табиғатқа, жан-жануарға деген әсері үлкен. Оңтүстік аймақтағы құстар балапан өсіру үшін жаңа қоныс іздейді. Ал борсық сықылды жануарлар енді солтүстік аудандарда кездесе бастаған.

Табиғаттағы мұндай ерекшеліктен адамдар да зардап шеге бастаған. Тоң еріп баспаналары қозғалысқа түскен тұрғындар өзге жақа қоныс аударуға бәжбүр болуда екен.

Зерттеушілердің АҚШ-Америка бірлескен бағдарламасымен Ресей шығысындағы көлдерді зерттеуге қатысқан Кати Уалтер соңғы 44 жылда Якутскі – Саха елінде бір неше айлап жүрген. Таңы ери бастаған көлдерді зерттеуге қатысқан Уалтер ол аймақта көргенін былайша сүреттейді.

- Егер аутобусқа отырып, әлде жаяу көше бойлай әуе алаңына немесе Якутскідегі парктерге сапар шексеңіз, жерге шөккен көне ағаш үйлерді көресіз. Ол үйлердің терезелері енді жер астында қалған, дейді Кати Уалтер.

Сонымен, жаз кездері Сібірді айналып жүрүдің өзі қиындай түсіпті.

- Жер тоңған кезде ғана еркін жүруге болады. Соңғы кездегі жылылықтан жердің толық тоңатын күндері де азая түсті. Жазда жер еріп жол батпаққа айналады, жүру қиынға түседі, - дейді Уалтер.

Бірақ сібірліктердің бұл мәселесі тек қана өздеріне ғана тән емес екен. Зерттеуші Уалтердің анықтауынша, ол еріген тоңнан ежелгі болжамдағыдан 5 есе көп метан шығып жатыр екен.

Ал сол метан парникті газ ретінде көміртегі диоксидінен 20 есе зиянды екен. Бұл дегені, Сібір аймағы әлемдік жылыланудан тек қана зардап шекпей оған өзінің кері әсерін де тигізіп отыр екен. Кати Уалтер Сібірдегі мәңгілік тоңның еруін өз жарылысын тосып отырған бомбаға ұқсатады. Уалтердің ресейлік әріптесі, Саха еліндегі Солтүстік-Шығыс ғылми стансасының директоры Сергей Зимов өз аумағындағы жағдайды реттеу шарасымен белсенді шұғылданып жатыр екен. Ол өз ауданындағы орманды кеңейтіп бизон, жылқы, бұғы т.б. жануарларды өсіріп жергілікті тоңды сақтап қалу шарасына кірісіпті.

Ал жер осыдан 10 мың жылдай бұрынғы мұз ғасырының күәсі екен. Сон кездегі мамонттар, ол кезгі табиған енді келмеске кеткен.

Бұл арада Якутск- Саха елінің тұрғындарын, Уалтердің айтуынша, жылылану кесіріненн тоң еріп теңіз астына шөгерміз деген үрей ойландырар екен.
XS
SM
MD
LG