Ресейдің оңтүстігіндегі Қабардин-Балқар республикасының астанасы Нальчикте өткен жылы 140 адамның өліміне әкелген содырлық топтың қарулы шабуылының бір жылдығы аталып өтілді. Шешенстанның сепаратистік тобымен байланысы бар делінген ол қарулы топ ұйымдастырған шабуыл армия күштеріне, полицияға және қауіпсіздік құрылымдарын нысанаға алған еді. Қаза тапқандардың ішінде 35-і қауіпсіздік күштері, 12 қарапайым тұрғын және 90-дай қарулы топ өкілдері болған. Содан бері Нальчик қаласының басшылығы жергілікті мұсылмандарға қарсы қатаң шараларды қарастырып, оларды қудалап келеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?