Accessibility links

Бүгін Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяның ядролық сынақтар жасауына байланысты санкциялар енгізетін қарар бойынша дауыс береді


Ақпарат көздерінің хабарына қарағанда, АҚШ ресмилері Құрама Штаттардың осы аптаның басында Солтүстік Кореяның ядролық сынақ жасадық дегеніне қатысты радиоактивті әуе сынақтары белгісін тапқанын айтып отыр. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяға оның ядролық сынақтарына байланысты кең көлемді санкциялар салуды көздейтін қарардың мәтіні бойынша кеше келісімге қол жеткізіп, дауыс берулер бүгінге белгіленген. Ол қарарды ұсынған Қауіпсіздік Кеңесінің қазан айындағы төрағасы әрі Жапонияның БҰҰ-дағы елшісі Кензо Ошимо, және БҰҰ-ындағы АҚШ елшісі Джон Болтон қарар жобасына Кеңестің жабық есік жағдайындағы талқылауынан кейін дауыс берулер болатынын хабарлады. Бұл мәселеде Қытай ол шараларға байланысты біраз ескертулері бар екенін айтқан. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та қарар жобасы әлі де талқылаулар мен анықтауларды қажет етеді деген.
XS
SM
MD
LG