Accessibility links

Қылмыскерлері жайлы ақпарат шоғырланатын ТМД елдеріне ортақ сараптамалық орталық құрылмақ


Қазақстан Бас прокуратурасының бастауымен ТМД елдерінің лаңкесшілері және басқа да қылмыскерлері жайлы ақпарат шоғырланатын мемлекетаралық сараптамалық орталық құрылады. Бұл туралы Астанада қазанның 18 күні осы елдердің құқық қорғау органдары жиналған отырыста Қазақстанның бас прокурорының орынбасары Георгий Ким хабарлады. Оның айтуынша осы уақытқа дейін күдіктілер жайлы ақпарат базасы тек белгілі бір елдеғана шоғырланатын. Ал, кейбір елдердің құқық қорғау органдарының өкілдері осы уақытқа дейін барлық күдіктілер жайлы ақпарат Ресейде шоғырланған және күдіктілер саяси көзқарастары үшін ізделседе біз оларды Ресейге ұстап береміз деп отыр.

Ресми мәлімет бойынша ақпарат орталығында кеден, шекара, колония және басқада органдардың ақпараты жинақталып сараптамаға түседі. «Сөйтіп біз халықаралық қылмыстық топтарды жасаған қылмыстары бойынша емес оны алдын алу бойынша жұмыс жасаймыз», дейді қазақстандық прокурорлар. Мәскеуде орналасқан ТМД-ның Террорға қарсы орталық өкілі Бексұлтан Сәрсековтың айтуынша Қазақстанға көршілес елдерде жасырынып жүрген күдіктілер жайлы ақпаратты ертерек алған тиімді:

- Бізден қашқандар көбісі Ресей азаматтығын алып алады. Ал Ресей заңдары бойынша олар өз азаматын ешкімге бермейді. Ал бізге қашып келгендер Қазақстан азаматтығын ала алмайдыды сосын ол Ресей азаматы болса біз оны бере саламыз.

Сәрсековтың айтуынша Ресейдің 10 мыңдаған қылмыскерлері ТМД елдерінде жасырынып жүр. Осы күдіктілерді экстрадициялау, яғни өзге елден көшіру - 1993 жылғы қол қойылған «Құқықтық көмек көрсету туралы Минск конвенциясы» негізінде жүзеге асырылады. Ал, Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі бюро төрағасы Евгений Жовтистің айтуынша «Минск конвенциясының» кейбір баптары Қазақстан қосылған Біріккен ұлттар ұйымының кейбір құжаттарына қайшы келеді. ТМД-ның Террорға қарсы орталық өкілі Бексұлтан Сәрсековтың айтуынша Қазақстанның құқық қорғау органдары халықаралық келісімдерге қайшы әркеттер жасаған жағдайлары болған:

- Қинау деп шарт қояды оған беруге болмайды. Сосын ату жазасына кессе оғанда беруге болмайды. Бірақ азаматтың террорға қатыстығы дәлелденсе оны екі жақтап келісіп сондағана беруге болады. Неге десеңіз кейде болады бір қағаз келеді осындай азамат террорға қатысқан деп, ол Қазақстандада болған.

Ресми мәлімет бойынша «Босқындар мәртебесі» және «Адамды жазалаудағы қинау» және басқада түрлеріне қатысты конвенциялар бірнеше елге күдіктілерді беруге тыйым салады. Ал, Қазақстан күдіктілерді беріп келген Ресеймен Өзбекстанда адамды қинау фактілері кездеседі, дейді кейбір құқыққорғаушылар. Өзбекстанның бас прокуратурасының өкілі Светлана Артықованың айтуынша кейбір халықаралық ұйымдар Өзбекстанда тергеу барысында күдіктілерді қинау бар деген мәлімдеме жасаған. «Бірақ осы ұйымдардың өкілдерін шақырған кезде олар Өзбекстанда қинау жоқтығына көз жеткізді», дейді Светлана Артықова.

Кейбір құқыққорғаушылардың айтуынша өлім жазасы бар елдергеде күдіктілерді беруге болмайды. Ал, Өзбекстанның бас прокуратурасының өкілі Светлана Артықованың айтуынша Өзбекстан президенті қол қойған қаулыға сәйкес 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстанда өлім жазасы жойылады, дейді Светлана Артықова.

Көптеген елдерде күдіктілерді өзге елге беру шешімі сот үкімінен кейін беріледі, ал «Минск конвенциясы» шеңберінде бұл үрдіс бас прокуратуралардың шешімімен жүзеге асырылады. Әзірбайжаннның ішкі істер министрлігінің өкілі Назим Гнязовтың айтуынша барлық іздеуде жүргендер туралы ақпарат Ресейдің ішкі істер министрлігінде шоғырланады. «Ондағы ақпарат автоматты түрде біздің осы жүйеге кіреді, яғни біз олардың қандай қылмыс жасады деп күдіктелгеніне қарамастан оларды дереу тұтқындау шараларын жасаймыз», дейді Назим Гнязов.

Қазақстан бас прокуратурасының мәліметінше, соңғы 4 жылда республикадан лаңкестік әрекетпен айналысты деп күдіктелген 13 адам шет елдерге берілген.
XS
SM
MD
LG