Бүгін Еуропалық Кеңестің парламент ассамблеясының президенті Рене Ван дер Линден өзінің журналист Анна Политковскаяның өліміне жауапты адамды табу үшін Ресей ресмилерінің барынша күш салуын талап ететінін айтқан. Ол бұл мәлімдемесін Мәскеуде өтіп жатқан Еуропа Кеңесінің “демократия болашағы үшін” конференциясында айтты. Еуропалық Кеңестің бас хатшысы Тэрри Дэвис өз кезегінде, Политковскаяның өлімі Ресейдегі баспасөз еркіндігінде проблема бар екенін көрсетті деген. Анна Политковскаяны 7-ші қазанда атып кеткен болатын. Тергеудің алғашқы болжамы оның өліміне журналистік жұмысы себеп болғанын айтқан.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Ескертусіз, қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV