Сербия премьер министрі Воислав Коштуница Косово мәртебесі жөніндегі келіссөздерде БҰҰ-ның арағайындық әрекеті сәтсіз болды деді. БҰҰ-ының өкілі Мартти Ахтисаридің сәрсенбі күні Косовоның келешегі туралы келіссөздер 2006 жылдың аяғына дейін жалғасуы мүмкін дегенін сынаған Коштуница, Косово тұрғысындағы қандай да бір шешім бір-ақ рет келісілуі керек деген. Косовода басым тұратын этникалық албандар тәуелсіздік алғысы келеді, Сербия оны қабылдамайды.