Accessibility links

Ирақтық сүнниттер мен шииттер өзара мәмілге келе бастады


Қасиетті Мекке қаласында Ислам конференциясы ұйымының демеушілігімен өткен жиында Ирақтық шииттер мен сүнниттер қауымының жетекшілері өзара діни секталық жанжалды тоқтатуға келісті. Ал бұл арада, сенбіде АҚШ президенті Буш жетекші генералдарымен телебайланыс арқылы Ирақтағы қантөгісті қақтығыстарды тоқтату тактикасы бойынша кеңес өткізбек.

Республикашылар партиясы алдында жұма күні Джордж Буш:

-Менің Ирақтағы жеңіс жөніндегі американдықтарға жолдауым американдық болашақ ұрпақтың қауіпсіздігі үшін маңызды. Сондықтан біз Ирақта қалып күресе береміз, Ирақтағы бұл соғыста біз жеңіске жетеміз, - деді.

Ирақта қазан айының алғашқы 20 күнінде АҚШ-тық 75 сарбаз қаза тапты. Ал екі жарым аптадан кейін конгресстік сайлаулар өтпек.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG