Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы К.Райс іссапармен Ресейге келді


К.Райс Мәскеуде президент Путин және сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Солтүстік Кореяда жасалған ядролық сынақ дағдарысын талқылады. Бейжиңнен ұшып келе жатқанда К.Райстың тілшілерге айтқанындай, Солтүстік Кореяға барып қайтқан қытайлық өкілдер ол сынақ және болашақ шаралар жөнінде бірер нәрсе айта алмапты.

Мемлекеттік хатшы «Новая газета басылымына сұхбат беру қарсаңында, жалданбалы жендет қолынан қаза тапқан Анна Политковская туралы, «ол өте белгілі және беделді журналист еді, Ресейдегі журналистердің мұндай аянышты тағдыры бізді өте алаңдатып отыр», деді.
XS
SM
MD
LG