ТЕҺРАН: Кеше Иранның ISNA ақпарат агенттігі хабарлағандай, шілде айында тұтқындалған Иранның бұрынғы реформашыл депутаты Әли Ақбар Муссави Хойни кепілге ақша төлеп босатылды. Ақпарат агенттігіне оның адвокаты Мохаммад Шарифтің хабарлағанындай, кепілдікке 163 мың доллар ақша төлеген Хойни бостандыққа 21-інші қазан күні шығарылған. Иранның бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын алған лауреаты Шырын Эбади де өзінің қорғауына алған Әли Ақбар Муссави Хойни - әйелдердің құқын қорғайтын жиынға қатысқаны үшін 12-нші шілде күні тұтқындалған болатын.