МЕККЕ: Дүние жүзінің мұсылмандары Айт әл-фитр немесе 3 күндік рамазан-айт мекересін тойлай бастайды. Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағының өзге мемлекеттері, Орта Азия мен Еуропаның және АҚШ-тың мұсылмандары рамазан-айтты бүгін тойлауға кіріссе, Иордания, Мысыр, Сирия және тағы бірқатар ислам елі сейсенбі күні бастайды. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, Ирақтың сүнниттері де бүгін рамазан-айтты бүгін бастаса, шийттер ертең немесе сәрсенбі күні бастауға тиіс.