Қазақстан сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында мәлемдеме жасау үшін жұма күні Венаға барады. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Ержан Ашықпаевтың айтуынша, Тоқаев Қазақстанның аталған ұйымға 2009-шы жылы төрағалық ету ұмтылысын жақтайтын болады. Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанның арызына қатысты мәселені алдағы апталарда талқылайды деп күтілуде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV