Accessibility links

Ауған полицейлерін неміс мамандары әрі қарай жаттықтыра береді


БЕРЛИН: Германия Ауғанстан полициясын оқытып, жаттықтыра беруге келісті. Германия өткен 4 жыл бойы ауған полицейлерін Кабулда, Мазар-и-Шарифте, Кундузда және Файзабад қалаларында оқытып келді және осы бағдарламаға 70 млн. еуро қаржы жұмсады. Дәл осы кезде Жапония Ирақтың мұнай өнеркәсібі мен ауыл-шаруашылық салаларын қалпына келтіруге 170 млн. доллар қаржы беретін болды. Токиода Жапонияның сауда министрі Акира Амари мен Ирақтың мұнай министрі Хусеин Әш-Шаһристани осындай келісімге келді.
XS
SM
MD
LG