Бүгін Ауғаныстандағы НАТО бастаған халықаралық қауіпсіздік Күштері хабарлағандай, Ауғанстанның барлау қызметкерлері Қабуылдың маңында бомба жасау үшін пайдаланылатын жүздеген килограм материалдарды тасымалдап бара жатқан екі көлікті ұстаған. Ондай мақсаттағы заттарды тәркілеу шарасы өткен аптадан бері жалғасып жатыр. Қабул қаласы мен оның маңы жарылғыш заттарды қолданған бүлікші топтың шабуылдары көбейген аймақ болып отыр.