Accessibility links

Хизб-и-Ислами партиясын Канадада “террористік ұйымдар” қатарына қосты


ОТТАВА: Канада үкіметі Ауғанстанның экс-премьер-министрі Гульбуддин Хекматияр бастаған Хизб-и-Ислами партиясын ресми түрде террористік ұйым деп жариялады. Канаданың қоғамдық қауіпсіздік министрі Стокуэлл Дэйдің (Stockwell Day) атап көрсетуінше, Хизб-и-Ислами партиясы Әл-Қаида ұйымы мен Талибан күштеріне қосылып, ауған президенті Х.Қарзайды биліктен құлату үшін саналы түрде лаңкестік қимылдарына атсалысу үстінде. Оны ресми түрде террористік ұйым ретінде тану Канада үкіметіне Хизб-и-Исламидің кез-келген активін тұтқындауға және оған қатысы бар кез-келген адамды сот арқылы қудалауға мүмкіндік береді.
XS
SM
MD
LG