Accessibility links

Ресейге инвестициясын бағыттайтын Қазақстан банктерінің қатары толықты


МӘСКЕУ: Қазақстанның Халық банкі алдағы 5 жылда Ресейдің қозғалмайтын мүлік нарығына шамамен 1.5 млрд доллар инвестиция жұмсайтын жоспарын жариялады. Ресейдің күнделікті экономикалық “Ведомости” газетінің хабарлауынша, банк төрағасы Г.Марченко бірінші жоба бойынша Новосибирск қаласындағы ірі сауда орталығының құрылысына 45 млн. доллар инвестиция бағытталатынын мәлімдеді. Бұл орталық келесі жылы ашылуға тиіс. Аталған газетінің хабарлауынша, сонымен қатар Халық банкі Мәскеу, С.-Петербор қалалары мен Ресейдің Қазақстанмен шекаралас облыстарындағы басқа да жобаларды іске асырмақшы. Қазақстанның Халық банкі – Ресейдің қозғалмайтын мүлік нарығына инвестициясын бағыттап отырған ҚазКоммерцБанк пен ТұранӘлемБанктен кейінгі үшінші ірі қаржы институты.
XS
SM
MD
LG