СТРАСБУРГ: Бүгін Еуропа парламеті Еуропа Одағына мүше мемлекеттерді өздерінің Ресеймен арадағы қарым-қатынасын “жақсылап ойластыруға” шақырды. Еуропарламенттің бүгін қабылдаған Қарарында ресейлік журналист әйел А.Политковскаяның таяудағы өлтірілуінен кейін Еуроодақ елдерінің Мәскеумен арадағы қатынасын өзгерту қажеттігі және бірінші кезекке адамның құқы мен сөз бостандығын қою қажеттігі айтылады. Депутаттар журналистерге және Ресейдің саяси жүйесін сынаушыларға деген қысымның күшейе түскеніне ерекше назар аударып отыр.
Ресеймен арадағы қатынасында Еуроодақ адам құқы мен сөз бостандығын бірінші кезекке қояды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?