БЕРЛИН: Германияның қорғаныс министрлігі Ауғанстанда қызмет еткен неміс жауынгерлерінің қолдарына адамның бас сүйегін ұстап түскен 5 фотосуретті тергеуге алатынын мәлімдейді. Осыдан 3 жыл бұрын түсірілген әлгі суреттер күнделікті “Билд” газетінің бүгінгі санында жарық көрді. Газет қорғаныс министрі Франц Йозеф Юнгтің “министрлік неміс жауынгерлерінің мұндай қылықтарына жол бере алмайды” деген пікірін келтірді. Министр Юнгтің мәлімдеуінше, егер әлгі фотосуреттер түпнұсқа болып шығатын болса, жауынгерлер сотта жауапқа тартылады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
AzattyqTV