Accessibility links

“Жоғарғы Абхазия” шатқалындағы қастандықты Тбилиси “арандатушылық” деп санайды


ТБИЛИСИ: Бүгін Грузия өзінің ішкі істер министрі Вано Мерабишвилиді “Жоғарғы Абхазия” шатқалына барған кезінде атқылады деп Абхазияның сепаратистік күштерін айыптады. Ешкім жапа шеккен жоқ. Грузияның ішкі істер министрі Мерабишвили ресми Тбилисидің бұрынғы “Кодор шатқалы” деген атауын “Жоғарғы Абхазия” деп өзгерткен шатқалына бүгін барған болатын. Министрліктің өкілі Шота Хизанишвили әлгі төтенше оқиғаны сепаратистердің “тағы бір арандатушылық әрекеті” деп сипаттады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG