АҚШ президенті Джордж Буш Ирақта зорлық-зомбылық әрекеттерінің өршіп бара жатқандығына байланысты өте алаңдап отырғанын айтты. Вашингтонда өткізген баспасөз-маслихатында президент Буш АҚШ шыдамының шегі бар деп ескертіп, Ирақ үкіметі қаруланған соғысушылармен күресуін күшейтуі керек деп мәлімдеді. Басқа да хабарларға қарағанда, АҚШ пен Ирақ күштері Садр қаласында рейд жүргізді. Оның салдарынан төрт адам құрбан болды. Ал соңғы тәулікте Ирақта тағы бірнеше адамның мәйіттері табылды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV