Accessibility links

Бүгін Хельсинкиде Украина мен Еуро Одақтың саммиті өтуде


Бүгін Украина президенті Виктор Ющенко өз елінің келешекте Еуропа одағына ену мүмкіндігін талқылау үшін Еуро Одақ елдерінің жетекшілерімен Хельсинкиде кездесіп жатыр. Саммиттің алдында Финляндия президентімен кездескен Виктор Ющенко, Украинаның стратегиялық мақсаттарының бірі алдағы уақытта Еуро Одаққа енуі деп айтқан.

“Біз Украинаның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу үшін бәрін жасаймыз. Біздің жоспарымыздың екінші бөлігі- Еуропа Одағымен кең көлемді келіссөздер жүргізіп, Украинаның Еуро Одаққа қосылуына әкелетін келісімдерге 2008 жылы қол жеткізуге тырысамыз”.

Финляндия президенті Холонен болса, Украинаның алдында одаққа қосылу үшін ұзақ жол жатыр деген. Финляндия жақында Еуропа Одағына төрағалық етуді алған болатын. Бұл саммитте сауда байланыстары мен энергетика, көлік және инвестиция салаысндағы әріптестік мәселелері талқыланады.
XS
SM
MD
LG