«Караван» апталығы, Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнында болған бүлік - қазақстандық жұмысшылардың өз мүдделерін қорғауға талпынған әрекеті деп жазады. Осы орайда басылым, Теңіздегі оқиға билік тарапынан әділ бағаланбай отыр, деген парламент депутаты Дариға Назарбаеваның пікірін келтіреді. Депутаттың айтуынша, ресми орындар, оқиғаның шынайы сипатын жасырып, «тұрмыстық деңгейдегі дау» ретінде бүркемелеп отыр, - деп жазады «Караван» газеті.
«Жас қазақ» газеті Жылыой ауданында 20-қазан күні болған бұл оқиғаны Атырау облысының жаңа әкімі Бергей Рысқалиев «бұзақылық» деп бағалағанын жазады. «Бұзақылық» деп, «бұзақылар» деп өз бауырларымызды соттатып жібергеннен кім не табады? Дұрыс, мәселенің ақ-қарасы анықталуы тиіс. Бірақ, Атыраудағы әлеуметтік теңсіздікке шек қойылмай, бұл мәселенің бүгін шешіле қалатынына ешкім де сенбейді», - деп қорытындылайды бұл мақаланы «Жас қазақ» апталығы.
«Эпоха» басылымының дерегінше, 20-қазандағы жағдайдан кейін, жұмысшылары төбелес шығарған «Сенімді құрылыс» кәсіпорнында жұмыс істейтін түріктер отандарына қайтарылуда. Ал қазақстандық жұмысшылар уақытша ақы төленбейтін демалысқа шығарылған. «Жоқшылық бүлікке, бүлік жоқшылыққа алып келеді. Бұл уақытша қиындықтың қашанға дейін созылары белгісіз», - деп жазады «Эпоха» газеті.
«Панорама» апталығы, Теңіздегі бүлік, «Теңізшевройл» компаниясының негізгі өндірісіне нұқсан келтірмегенін жазады. Сондай-ақ басылымда, Түркия мемлекеттік министрі Кюршад Тюзменнің оқиғаға қатысты мәлімдемесі келтірілген. «Оның айтуынша, түрік және қазақ жұмысшыларының арасында болған қақтығысқа, мүдделі үшінші бір күштің арандатушылығы себеп», - деп жазады «Панорама».
«Республика» газеті, Алматы әкімшілігінің жерге қатысты саясатын сынға алады. «Заңсыз салынған құрылыстарды сот шешімінсіз қирату туралы Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың мәлімдемесі - адам хұқын аяққа таптау. Өйткені, құрылыстың заңды, не заңсыз екенін тек сот қана анықтай алады», - деп жазады басылым. Сондай-ақ, «Алматы әкімі бұл мәлімдемесі арқылы Шаңырақ пен Бақайдағы рұқсатсыз салынған баспаналар толығымен қиратылатынын меңзеген болуы мүмкін», - деген болжам жасайды «Республика» апталығы.
Ал, «Эпоха» апталығының дерегінше, Бақайдағы заңсыз салынған үйлерді қирату кезінде сот орындаушыларына қарсылық көрсетті деп екі жылға сотталған екі азамат әділетсіздіктің құрбаны болған. Сондықтан, «Илияс Томпақов пен Нұрхат Мұқажановтардың қорғаушысы 20-қазан күнгі Түркісіб аудандық сотының үкімін бұзу туралы қалалық сотқа шағым түсірмек», - деп жазады «Эпоха».
Ақтөбе облысында да жерге қатысты заң бұзушылықтардың болғаны туралы «Казахстанская правда» газетінде айтылыпты. Басылым дерегінше, Ақтөбе қаласы әкімшілігінің қаулысымен, мың шаршы метр жер жеке адамның иелігіне берілген. Тіпті Өзбекстан азаматы да жер алған. Ақтөбе облысының прокуроры Дастан Сартаевтың айтуынша, мұндай мысалдар өте көп. Сондай-ақ, «бос жер жоқ деген желеумен, тұрғын үй құрылысы үшін, тиесілі он сотық жерін ала алмаған тұрғындар да көп», - дейді Сартаев «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында.
«Деловая неделя» газеті сөз бостандығы жөнінен Қазақстан «Шекарасыз репортерлар» халықаралық ұйымының рейтингісінде 128 орында тұрғанын жазыпты. «Бұл тізімде ТМД елдерінің арасында бірінші орынды иеленгенімен, Қазақстан Африка елдерінен де артта қалып отыр. Сөз бостандығы деңгейінің төмендігі арқылы Қазақстандағы қоғам, билік пен демократия дамуының да төмен деңгейде екенін көруге болады», - деп қорытынды жасайды «Деловая неделя» басылымы.
«Эпоха» апталығының дерегінше, Қазақстандағы сөз бостандығына қатысты жағдай жыл сайын нашарлай түсуде. «2002 жылы «Шекарасыз репортерлар» халықаралық ұйымының рейтингісінде Қазақстан 116-орында тұрса, 2005 жылы 119-орынға түсіп қалды»,- деп жазады «Эпоха» басылымы.