Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Зауытбек Тұрысбековтың айтуынша агенттік жүргізген зерттеу көрсеткендей қазақстандық шенеуніктер менталитетіне орай тұрғындарға қызмет көрсетуге емес әкімшілік жүргізуге үйренген.
Жағдайды реттеу үшін әкімшілік реформа жүргізу көзделді. Тұрысбековтың айтуынша біріншіден, Қазақстанның мемлекеттік органдарындағы басқарма шенеуніктерінің саны азайтылады. Бақылаушылардың айтуынша Қазақстанда мемлекеттік органдарды ықшамдау жұмыстары жүргізіліп жатқанына 5 жыл болғанына қарамастан кейбір функциялардың қайталануы әліде кездеседі. Екіншіден, Әкімшілік реформалар жобасына сәйкес мемлекеттік қызмет сапасы әлеуметтік сауалнама өткізу арқылы тексеріледі. Үшіншіден, шенеуніктерге сыйақы берілмейді, есесіне рейтингте жоғары орын алғандарға бонус беріледі. 2007 жылдың қаңтар айынан бастап шенеуніктердің еңбекақысы 30 пайызға көтеріледі. Ресми ақпаратқа сәйкес бұл реформалар елдегі жемқорлықты азайту үшін шетелдердің тәжірибесінен алынған. Қазақстанға әдейі шақырылған шетелдік сарапшылардың бірі Германияның әкімшілік ғылымдар университетінің ұстазы Эрдман Клаустың айтуынша жемқорлықпен күрестің ең жақсы амалы мемлекеттік аппаратпен қоғам арасындағы байланыс ашықтығы.
Бас прокурордың орынбасары Ерғали Мырзадиновта шетелдік тәжірибеге сүйенуді ұсынып отыр. Ол Израилмен Голландияны мысалға келтірді:
- Шенеуніктерге әлеуметтік жағдай мықты жасалады. Айлығы жақсы, тұрғын үйі жақсы. Екінші жағынан ондай мемлекеттік шененунік жаңағындай бір жағдай жасаса, жаңағының бәрінен ол айырылады. Сондықтан біздің зерттеуіміз бойынша Израилмен Голландияда төмеңгі жақтағы шененуніктер арасында жемқорлық жағдайлары жоқ дейді. Соны неғып, біз зерттеп көріп өзіміздің Қазақстанға енгізбейміз?
Ал, саясаткер Әбдіжәлел Бәкірдің айтуынша, жемқорлыққа қатысы бар жоғары лауазымды шенеуніктер жазаланып жатқан жоқ. Сондықтан «Майда шабақтар тұтылып, ірі шортандар құтылып жатыр» деген сөз бекер айтылмайды, дейді ол:
- Әлдеде жариялылық жетпейді, оның мәліметтерін алу өте қиын. Мысалы тәуелсіздік кезінде ондаған министрлер, ондаған әкімдер ауысты. Ал, солардың ішінде коррупциялық қылмыс жасалған жоқ деп ешкім айта алмайды. Бірақ, жұрттың айтуына қарағанда, өзіміздің бақылауымызға қарағанда бар. Ал, солардың бірде біреуі коррупциямен ұсталып сотталды ма?
Ал, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Зауытбек Тұрысбековтың айтуынша жемқорлық құқықбұзушылығы үшін қызметінен босатылғандарды мемлекеттік қызметке алуға тыйым салу көзделеді.
Сөз қозғалып отырған шенеуніктердің бірі «Байқаңыр баланс» мемлекеттік мекемесінің директоры Серқожа Бисенбаевтың айтуынша жемқорлықтың алдын алу үшін екі шара керек:
- Айлығын ұлттық компаниялармен бірдей қылу керек. Президент айтқандай жаңа жылдан бастап айлық көбееді, дейді. Соның бір шарасы. Сосын қатаң жазалау керек.
Ал, сыншылардың айтуынша бұл ұсыныстар көптен бері айтылып келеді, бірақ, олар іс жүзінде емес тек қағаз жүзінде қалып қояды. Ал, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Зауытбек Тұрысбековтың айтуынша келесі жылдың қараша айында қол қойылатын президент Назарбаевтың тиісті қаулысынан кейін осы өзгертулер күшіне енеді.