Олар бұрынғы президент Слободан Милошевичтің кезінде қабылданған конституцияның орнына жаңа ата заң қабылдау жөнінде дауыс беріп жатыр. Бұл құжатта тәуелсіздік алуды көздеген албандар басым тұратын Косово -Сербияның біртұтас бөлігі деп жарияланған. Дауыс беруге 6,5 млн Серб азаматы қатысуы керек. Оппозиция жаңа конституцияны сынға алып, референдумға байкот жариялауға шақырған.