БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ әскері тасадан шабуыл жасамақ болған екі топқа тойтарыс беріп, осы операцияның барысында 17 партизанның көзін жойды және тағы үшеуін қолға түсірді. АҚШ күштерінің мәлімдеуінше, бұл қақтығыс бүгін таңертең Бағдадтан солтүстікке қарай орналасқан Әл-Балад мекені маңында болған. АҚШ жағынан ешқандай адам шығыны жоқ. Әл-Балад қаласы таяуда ғана шийттер мен сүннитердің өзара кескілескен шайқасының сахнасы болған еді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Алаштың" алғашқы қадамы. Қамаудан шыққандар қайта қамалды