ТЕҺРАН: Бүгін Иран парламенті жаңадан тұрмыс және әлеуметтік қамсыздандыру министрі етіп Абдолреза Месриді мақұлдады. Месри – Иран президенті Махмуд Ахмадинеджадқа жақын парламент депутаты болатын. Ол президенттің жарлығымен қызметінен алынған Парвиз Каземидің орнына отырды. Президент Ахмадинеджад оны экономикалық реформаларды іске асырамын және мұнайдан түскен табысты әділ үлестіремін деген уәделерін орындаудың орнына, сыртқы саясатпен көбірек әуестенді деген айыппен қызметінен босатты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы